Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қалың қар түседі". Қазгидромет демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

"Қалың қар түседі". Қазгидромет демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстан арқылы жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалынан республиканың басым бөлігінде қар жауады. Ал сенбіде республиканың солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарында кей жерде қалың қар түсіп, бұрқасындатады, екпіні 23-28 м/с батыс бағытындағы жел соғады. Ал кейбір өңірлерде желдің күші 30 м/с болады. 
Сонымен аномальді жылудан кейін ауа температурасының климаттық нормаға дейін төмендеуі болжанып отыр.

sputniknews.kz
23 қараша 2018 ж. 1 114 0