Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел әлеуетін еселейтін сала

Ел әлеуетін еселейтін сала

Еліміз үшін халықтың әлеуметтік жағдайы қашанда алдыңғы қатардағы мәселе болып келеді. Егемендікке қол жеткізген күннен бастап бүгінге дейінгі еліміздің әлеуметтік жағдайының өсуінің, халық тұрмысының түзелуінің басты кілті де сонда. Сондықтан бұл қарапайым ғана сала деп есептеуге келмейді. Өте ауқымды әрі жауапты салалардың бірі. Осындай өздеріне жүктелген міндетті қалтқысыз орындап келе жатқан мекемелердің қатарында «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» халыққа елеулі еңбек етіп келеді. Енді осы саланың жұмысына тоқталсақ.
Халыққа әлеуметтік төлемдерді төлеу және есепке алу жүйесіндегі Үкіметтің негізгі операторы болып «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» саналады. Бұл құрылым Қазақстан Республикасы Үкіметінің №136-1 қаулысының негізінде 1997 жылдың 20 маусымында құрылған болатын. Міне, содан бері жұртшылықпен етене құрылым ретінде дамылсыз жұмыс атқарып келеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №39 Қаулысына сәйкес, үстіміздегі жылдың 8 сәуірі күні «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» құрылып, оған «Зейнетақы төлеу орталығы», «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы, «Жылжымайтын мүлік орталығы» мекемелері бірігіп, жұмысын бастап кетті.
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде Арал аудандық бөлімі болып қайта құрылды. Әйтсе де, атауы өзгергенімен, жасап жатқан қызметі өзгерген жоқ. Сол қалпында жұмысын жалғастырып келеді. «Халыққа қызмет көрсету бөлімінің» қызметкерлерімен бірлесе жұмыс атқара отырып, барлық зейнетақы, жәрдемақы құжаттары қабылдануда. Қабылданған құжаттар осы бөлімге жолданып, өңделеді.
Бүгінгі таңда бөлімнің 11 қызметкері аудандағы 28 мың алушыға зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерін есептеп, төлем жұмысын жүргізіп отыр. Орталық құрылғалы, нақтырақ айтсақ 1997 жылдан бастап бөлімді үздіксіз басқарып келе жатқан Мұрат Жанғазыұлы Жанаев білікті басшы ретінде танылып, елеулі еңбегінің нәтижесінде қазірде әлеуметтік сала үздігі атанған. Әрине, белгілі бір жетістікке жету үшін бір ғана адамның жұмысы жеткіліксіз. Соған сәйкес осындай ауқымды салада ауызбірлікте жауапкершілікпен еңбек етіп келе жатқан бөлімдегі бас мамандар Даулетияр Нұртілеуұлы мен Асылхан Жанәбілұлынан басқа да сала мамандарының еңбегі өлшеусіз.
Бөлім мамандары халыққа сапалы қызмет көрсетуде уакытпен санаспай, «қызметiмiз халыққа» деген ұстаныммен тынбай еңбек етіп келеміз. Осындай тәжірибелі мамандар қызмет атқарып отырған бөлімге келген зейнеткерлер мен басқа да келушілер көрсетілген қызметке қанағаттанып, әркез алғысын білдіріп жатады.
Бұл бағытта ел дамуы жолында тынбай жұмыс істеп келе жатқан жандар ескерусіз қалуы мүмкін емес. Сондықтан болар, қазан айының соңғы аптасына белгіленген әлеуметтік сала қызметкерлері күні мерекесі әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерейі мен мәртебесін айшықтап тұр. Ендеше, мерейлі сала мамандары алдағы уақытта да талапқа сай еңбектеніп, Жаңа Қазақстанның дамуы жолында талмай қызмет атқара бермек.
А. Аманов,
«Азаматтарға арналған Үкімет» МК» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімінің бас маманы
28 қазан 2022 ж. 375 0