Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүректің кенет тоқтап қалуына не себеп болуы мүмкін?

Жүректің кенет тоқтап қалуына не себеп болуы мүмкін?

Қазақстандағы өлім себептерінің 24 пайызы жүректің кенет тоқтап қалуымен байланысты.Оның алғашқы белгілері қандай?
Қорқынышты естілсе де, адамның жүрегі кенеттен тоқтап қалуы мүмкін екені жасырын емес. Әдетте жүрек тоқтағанға дейін бір сағат ішінде оның белгілері байқала бастайды.  Олардың қатарында мыналар бар:
- жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек соғу бірден жиілейді;
- кенет жүрек соғу жиілігінің төмендеуі (жүрек тоқтап қалғандай сезім болады);
- бас айналу;
- көз қарауытып, ойды жинақтау қиындай бастайды.

Егер отбасы мүшелерінің бірі жүрек ауруына шалдығып не кенеттен жүректен тоқтауынан қаза болса, онда міндетті түрде дәрігерге қаралып, тексерістен өту керек. Өйткені, көп жағдайда жүрек аурулары тұқым қуалайды. Аталған белгілердің біреуі байқалса кардиологқа немесе жалпы тәжірибе дәрігерінің қарауына жазылған жөн.

Дәрігер науқастың ғана емес, оның туыстарының да ауру тарихына да назар аудару тиіс. Содан кейін ЭКГ және жүректің ультрадыбыстық зерттеуі жасалады. Соңғысы органикалық патологияны – жүректің өзгерген параметрлерін болдырмау үшін жасалады. Егер дәрігер күдігі болса, ол магнитті-резонанстық томография және коронарографиядан өтуді ұсынады.

Әлемдік статистика бойынша жүректің кенет тоқтап қалуы көбіне ер адамдарда байқалады. Жалпы жүрек ауруын болдырмау үшін мынадай ережелерді ұстанған жөн.
- Зиянды әрекеттерден бас тарту (әсіресе, шылым шегу)
- Спортпен айналысу, жиі қозғалу
-  Азырақ уайымдау, жүйкенің тыныштығын сақтау
-  Артық салмақтан арылу
-  Қан қысымы мен холестерин деңгейін бақылау
-  Дұрыс тамақтану.

Денсаулығыңызды күтіңіз!

massaget.kz
30 қазан 2022 ж. 500 0