Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді – деген өлең жолдарынан Дулат Бабатайұлы Ресей отарлауында болған қазақ халқына жасалған әділетсіздіктер, билер мен бектердің әділетсіздігін, парақор, жемқорлығын осы өлең жолдарымен-ақ таныта алды деуге негіз бар. Демек, сыбайлас жемқорлық мәселесі қазіргі заманда туған мәселе емес, қазақ қоғамында ертеден-ақ ізін салған індет екенін байқаймыз. Сыбайлас жемқорлық қоғамды әділетсіздікке ғана ұрындырып қоймай, елдің тұрақтылығына, экономикамыздың дамып, жетілуіне кері әсерін тигізеді, халықаралық деңгейде елдің жағымсыз иммиджін қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлық толықтай қазақтың қоғамына, одан қанына сіңе бастаса, ұлт ұлт болудан, ел ел болудан қалатыны хақ.
Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ. Біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз, экономикалық реформалар мен дағдарыс кезеңі, трансформация уақыты. Сыбайлас жемқорлықтың үлкен кемшілігі елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл-ауқатын төмендетеді. Мұның бәрі халықтың үкіметке сенімін жоғалтуына қауіп төндіреді. Әр адамзат өз бойында адалдық, әділеттілік, берілген тапсырмаға бағыну, кез келген құқық бұзушылықтан қаша білу, проблемаларды шеше білу, адам құқықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүдделері сияқты моральдық және психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға ерекше назар аудару керек.
«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет. Елдегі бұл ауыр індетті жою үшін күресті өзімізден, айналамыздан бастап, нәтижеге қол жеткізуге, жемқорлықты жою үшін аянбай күресу – әрбір қазақстандық азаматтың азаматтық та әрі адамзаттық парызы.
Дидар Жайылханқызы
Арал ауданының мемлекеттік сатып алу
бөлімінің бас маманы