Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде мұғалімдерге әр үш жыл сайын тағы бір міндеттеме жүктелмек

Елімізде мұғалімдерге әр үш жыл сайын тағы бір міндеттеме жүктелмек

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында 2023 жылдан бастап білім беру саласына енгізілетін өзгерістер туралы айтты. Оның сөзінше, мұғалімдер енді әр бес жыл емес, үш жыл сайын біліктілігін арттыруы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр "Педагог мәртебесі туралы" Заңның оң әсері туралы да айтып өтті. Сонымен қатар 2023 жылдың қаңтарынан бастап педагогтардың жалақысы 25%-ға артатынын мәлімдеді. 
“Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға ерекше назар аударылады. 2021 жылдан бастап педагогикалық жұмысқа тұру үшін сетификаттау еңгізілді. Диплом жұмысқа тұру үшін енді жеткіліксіз, міндетті түрде өз пәні және әдістеме бойынша тестілеуден өту қажет. Енді біліктілігін арттыру ол 5 жылда 1 рет емес 3 жылда бір рет болады. Директорлардың кадрлық резерві қалыптасады, білім беру ұйымдарының директорларын ротациялау тетігін іске асыру жалғасады”, – деді ол өз баяндамасында. 
Сонымен қатар білікті кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру үшін "Педагог" жаңа кәсіби стандарты енгізіледі.
01 қараша 2022 ж. 452 0