Қызылордада халық театрлары байқауы өз мәресіне жетті
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, режиссер Тынымбай Мәдиевті еске алуға арналған «Өшпес тұлға жолымен» атты халық театрларының облыстық байқауы өз мәресіне жетті, - kyzylorda-news.kz.
Байқауға клуб кәсіпорындары мен мәдениет үйлерінен 13 халық театрлары қатысып, оларға Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Оразалы Ақтөре, «Әдебиет» бөлімінің меңгерушісі Қылышбаева Ұлболсын Мұханбетқызы, бас суретшісі Қалымбетов Нұркен Иманғалиұлы, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы басшысы Құрамысова Жанат Ашанқызы, Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Шілдебаев Әсет Тыныштықұлы қазылық етті.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Жаңақорған ауданы жеңіп алды. І орынды Қармақшы, ІІ орынды Сырдария аудандық мәдениет үйінің халық театрлары иеленсе, жүлделі ІІІ орындарды Жалағаш аудандық халық театры мен Қазалы қалалық мәдениет үйінің театрлары жеңіп алды. Тынымбай Мәдеев атындағы арнайы жүлдемен Аманөткел ауылдық мәдениет үйінің халық театры марапатталды.