Отбасылық ансамбльдердің байқауы өтті

Шара Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы және Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірге отбасылық құндылықтарды насихаттау, өңіріміздегі отбасылық ансамбльдердің шығармашылық деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылған болатын.
Байқау қорытындысымен үздік өнер көрсеткен Сырдария ауданының Сәдуақасовтар ансамблі Бас жүлдені, Жаңақорған ауданы Айсыновтар ансамблі І орынды, Арал ауданы Сыдықовтар ансамблі ІІ орынды, Сырдария ауданы, Шаған ауылының Сарыбаевтар ансамблі ІІІ орынды жеңіп алды.
Осындай игі шараны ұйымдастыруда ұйытқы болған Қазалы ауданының Әуезовтер отбасылық ансамбліне Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы естелік сыйлығы табысталды.