Кәсіпкерлердің «Атамекеннен» басқа баратын жері жоқ – Жаңабай Бекішев

«Қоғамда «Атамекен» керек пе деген сұрақ көтеріліп жүр. Кәсіпкерлердің «Атамекеннен» басқа баратын жері жоқ. Кәсіпкерлердің мемлекеттік органмен кездесетін мәселесі осы Палата мамандарының араласуымен шешіліп жатыр. Мен кәсіпкермін. Менің де бірнеше проблемам Палатаға келгеннен кейін шешілді. Бұл ұйымсыз кәсіпкерлерге өте қиын болады», – дейді «Квант» ҚМЗ» ЖШС директоры Жаңабай Бекішев.
Кәсіпкер «Атамекеннің» жұмысын жандандырып, қосымша құқық беріп, құзыретін күшейту қажет деп санайды.
Айта кету керек, бүгін Астанада «Атамекен» ҰКП-ның Х съезі өтті.
Съезге Қызылорда облысынан Өңірлік кеңестің 7 мүшесі делегат болып қатысты. Олар: Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов, кеңес мүшелері Жаңабай Бекішев, Нұрлан Іздібаев, Раушан Базарбай, Болат Нұрхожаев, Бейбітәлі Тілеулиев, Дина Махатова, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Съезд аясында делегаттар Ұлттық палатас ұсынған трансформацияның жаңа тәсілдерін қолдады. Дауыс беруге 307 делегат қатысты, оның 6-ауы қалыс қалды, 17-сі қарсы, қалған 284 делегат қолдап дауыс берді.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі