Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция шахтада табылған ер адамның неден қайтыс болғанын айтты

Полиция шахтада табылған ер адамның неден қайтыс болғанын айтты

Полиция «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасынан табылған ер адамның өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың пайымынша, марқұм жоғары ток кернеуінен көз жұмған. Өлімнің нақты себебі сот-медицина сараптамасынан соң дәлірек белгілі болады.
6 қарашада Шахтинскте «Қазақстан» және Ленин атындағы шахталар арасындағы трансформатор стендінің жанында 24 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін «Қазақстан» шахтасының аумағында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті бөлімшесі қызметкерінің денесі табылғанын жазған едік.

baq.kz

06 қараша 2022 ж. 310 0