Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала күтіміне берілетін жәрдемақыны қанша ата-ана алып жүр? Министрлік жауап берді

Бала күтіміне берілетін жәрдемақыны қанша ата-ана алып жүр? Министрлік жауап берді

Қазақстанда бала күтіміне берілетін жәрдемақыны 612 мың ата-ана алып жүр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сілтеме жасап.

Бұл жәрдемақыны жұмыс істеп жүрген ата-аналар да, жұмыссыз отырған аналар мен әкелер де ала алады. Қазір елімізде жұмысы бар 552 мың ата-ана, жұмыссыз жүрген 60 мың ата-ана бар екен. 
Одан бөлек, ендігі жылы “Алтын алқа”, “Батыр ана” атағын, I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденін алғандарға берілетін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін көбеймек.
Еске сала кетейік, 2023 жылдан бастап ата-аналар бала күтіміне қатысты жәрдемақыны баласы 1,5 жасқа толғанға дейін алып отырады. Бұрын бір жыл ғана алатын еді. 


08 қараша 2022 ж. 421 0