Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖЗҚ төңірегіндегі маңызды сауалдарға жауап

БЖЗҚ төңірегіндегі маңызды сауалдарға жауап

Бүгінгі күні жинақтаушы зейнетақы жүйесі жайлы көптеген сұрақтар туындауда, осыған байланысты, біз БЖЗҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Алмас Сарсембаевты әңгімеге тартқан болатынбыз.
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы айтып берсеңіз
Бүгінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының жүзеге асыратын қызметі, бірінші кезекте, зейнетақы қызметтеріне, толық әрі дұрыс ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, яғни салымшылар мен алушылардың ағымдағы қажеттілігін іске асыруға бағытталған. Алайда, мұнымен қатар БЖЗҚ еліміздің зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің жинақтаушы құрамдауыш қызметінің және ары қарай дамуында негізгі рөл атқарады. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу, жеке және заңды тұлғалармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарға қол қоюды қосқандағы зейнетақы жарналарын тарту бойынша жұмыстар, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру Қордың негізгі қызметтері болып табылады.
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтері қаншалықты қолжетімді?
Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақықорының басым бағыттарының бірі. БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсілдері мен қызметтердің сапасын жетілдіруді уақыт талабына сай дамытуға ұмтылады. Бүгінде Қор қызметтері еліміздің барлық тұрғындарына дерлік қолжетімді. Еліміздің аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары, көшпелі қызмет жұмыс істейді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мобильді агенттер қызмет көрсетеді.
БЖЗҚ қызметтерінің 80 пайызы қазір қашықтықтан электрондық түрде қолжетімді. Соның арқасында кеңсеге келіп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесіне бейімделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшыларға уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Зейнетақы мәселелері еліміздің барлық тұрғындарын толғандырады. Алайда барлық азаматтардың біздің бөлімшелерге келуге қолдары тие бермейді. Сондықтан біз салымшылар мен алушылармен байланыс жасаудың барлық мүмкіндіктерін қолдануға тырысамыз.
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының алдына қойған мақсаттарымен таныстырып өтсеңіз
БЖЗҚ өз жұмысында әлеуметтік жауапкершіліктің негізін қалайтын мынадай ұстанымдарды басшылыққа ала отырып:
* адам құқықтарын сақтау
* заңды басшылыққа алу
* ашықтық
* мүдделі тараптардың мүддесін құрметтеу
* әдепті әрекет ету
* есеп беру,
әлеуметтік жауапты ұйым ретінде БЖЗҚ келесі мақсаттар мен міндеттерді белгілеп отыр:
1. Үздік тәжірибе стандарттарына сәйкес сапалы қызмет көрсету
2. Қазақстан Республикасы халқының зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін дамыту
3. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыру.
- Соңғы уақытта БЖЗҚ салымшыларға инфляцияға байланысты төлемдер жасап жатыр деген әнгімелер жиілеп кетті, осы жөнінде айтып кетсеңіз.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларын зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы жайында ескерткен болатын.
«Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.
Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлік жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері де айырма сомасын ала алады.
Өтемақы мөлшері әрбір салымшы үшін дербес есептеледі. Зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде алушының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып есептеледі және енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырылады. Егер зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, мемлекет айырма сомасын өтейді. Бұл қаржы нарықтары мен инвестициялық табысқа қатысты қандай жағдай орын алмасын, салымшылардың жинақтары сенімді
қорғалғандығын білдіреді. Алайда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті жарналар мен инвестициялық табыс есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы енгізілген жарналардың сомасына тең немесе одан жоғары болса айырма сомасы төленбейді.
– Егер жұмыс беруші зейнетақы аударымдарын жасамаса не істеу керек?
– Әрбір жұмыскер жұмыс берушіден бұл жарналарды Қорға қаншалықты толық көлемде және уақытылы аударып отырғандығы туралы мәлімет беруін талап етуге құқылы. Егер жұмыс беруші зейнетақы жарналарын уақытылы және толық көлемде аудармайтын болса, жұмыскер кірістер басқармасына шағымдануына болады. Жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын уақытылы және толық көлемде аударып отыруын қадағалап отыру жауапкершілігі осы кірістер органдарына жүктелген. Дейтұрғанмен, бұл мәселе бойынша еңбек инспекторына жүгінуге болады. Өз кезегінде еңбек инспекторы жұмыс берушіге келіп, оған ықпал ету шарасын қолдана алады.
– Әңгімеңізге рахмет. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.
*****************************************
В наше время возникают много вопросов касающиеся действующей накопительной пенсионной системы, поэтому мы попросили ответить на несколько вопросовАлмаса Сарсембаева, заместителя директора Кызылординского областного филиала «ЕНПФ».
– Алмас Абдикаликович, расскажите о деятельности ЕНПФ?
Сегодня деятельность, осуществляемая акционерным обществом «Единый накопительный пенсионный фонд», в первую очередь, направлена на реализацию текущих потребностей вкладчиков и получателей, выраженных в обеспечении доступа к пенсионным услугам, к полной и достоверной информации. Однако, помимо этого ЕНПФ играет ключевую роль в функционировании и дальнейшем развитии накопительных компонентов системы пенсионного обеспечения страны. Предметом деятельности ЕНПФ является: привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов; осуществление выплат пенсионных накоплений.
* Насколько доступны для населения услуги предоставляемые ЕНПФ?
Доступность пенсионных услуг является одним из приоритетных направлений развития Единого накопительного пенсионного фонда. ЕНПФ постоянно стремится повышать удобство каналов информирования и предоставления услуг, и развиваться на встречу вызовам времени. Сегодня услуги фонда доступны практически всем жителям страны. ЕНПФ на сегодняшний день представлен не только во всех областях республики, но во всех крупных городах и районных центрах это 216 центров персонального обслуживания, организована служба выездного обслуживания, работают мобильные агенты, которые предоставляют услуги тем, кто ограничен в движениях.
80 процентов услуг ЕНПФ на данный момент можно получить дистанционно электронным способом. Благодаря этому, теперь можно сэкономить массу времени, не надо ехать в офис и ожидать очереди, достаточно иметь доступ в интернет, зайти на сайт фонда или установить мобильное приложение ENPF, который работает на любой операционной системе мобильных телефонов.
Вопросы пенсионного обеспечения волнуют всех жителей страны. Однако, не у всех граждан есть возможность уделить время на посещение наших отделений. Поэтому мы стараемся использовать все возможности, чтобы развивать удаленные каналы взаимодействия со вкладчиками и получателями.
-Расскажите о целях, которые стоят перед ЕНПФ?
ЕНПФ, как социально ответственная организация, руководствуясь основополагающими принципами социальной ответственности, включающими в себя:
- соблюдение прав человека
- соблюдение главенства закона
- прозрачность
- уважение интересов всех заинтересованных сторон
- этичное поведение
- подотчетность,
ставит перед собой следующие цели и задачи:
1. Качественное оказание услуг в соответствии со стандартами лучших практик;
2. Развитие культуры планирования пенсионных накоплений населением Республики Казахстан;
3. Реализация законодательства Республики Казахстан по направлениям дальнейшего развития накопительной пенсионной системы Казахстана.
- Что Вы можете сказать о том, что в последнее время все чаще возникают разговоры о компенсационныхвыплатах из ЕНПФ.
ЕНПФ ранее предупреждал своих вкладчиков о несоответствующей действительности информации, распространяемой посредством WhatsApp вкладчикам (получателям), что пенсионный Фонд возмещает 150 000 тенге в связи с инфляцией.
В соответствии со статьей 5 Закона Республики Казахстан «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан», государство гарантирует получателям сохранность обязательных пенсионных взносов и обязательных профессиональных пенсионных взносов в ЕНПФ в размере фактически внесенных взносов с учетом уровня инфляции на момент получения права на пенсионные выплаты.
Выплата разницы (государственной гарантии) представляет собой единовременную выплату за счет средств государственного бюджета. Право на выплату по гарантии государства вкладчики получают при наступлении пенсионного возраста. Кроме того, это право имеют инвалиды І и ІІ групп, если инвалидность установлена бессрочно, лица, выехавшие на постоянное место жительства за пределы Казахстана, иностранцы и лица без гражданства, перечислявшие ОПВ, ОППВ, наследники в случае смерти лица, имеющего право на выплату по гарантии государства.
Размер компенсации рассчитывается индивидуально. Когда человек выходит на пенсию, производится расчет доходности на его индивидуальном пенсионном счете в соотношении с уровнем инфляции за весь период нахождения в накопительной пенсионной системе. Если доходность пенсионных накоплений вкладчика за время пребывания его в системе ниже уровня инфляции, государство эту разницу возмещает. Это говорит о том, что накопления вкладчиков надежно защищены независимо от того, как развиваются события на финансовых рынках и складываться ситуация с
инвестиционным доходом. Однако если сумма пенсионных накоплений, сформированных за счет обязательных взносов и начисленного инвестиционного дохода, больше или равна сумме внесенных взносов с учетом уровня инфляции, выплата разницы не осуществляется.
– Что делать, если работодатель не делает пенсионные отчисления?
Каждый человек имеет право потребовать от работодателя предоставить информацию о том, как исправно и своевременно делаются отчисления в Фонд. Если работодатель не выполняет своевременную и полную выплату пенсионных взносов, тогда работник сможет обратиться в налоговые органы либо обратиться к инспектору труда. В свою очередь, инспектор труда может обратиться к работодателю и применить соотвествующие меры.
– Спасибо за интервью. Желаем вам успехов в вашей работе.
30 қараша 2018 ж. 645 0