Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қандай?

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қандай?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, биылғы 10 айда қазақстандықтарға 2,4 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген.
2022 жылдың қазанында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,1 миллиард теңге бөлініп, оның 74,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 170,5 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленген.
"2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны 2 миллион 268 мың. Дәл осы кезеңдегі зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 108 993 теңге", - делінген хабарламада.
15 қараша 2022 ж. 437 0