Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛ ТАҒДЫРЫ СЫНҒА ТҮСЕР ТҰС

ЕЛ ТАҒДЫРЫ СЫНҒА ТҮСЕР ТҰС

Мемлекетімізді жаңа бағыт күтіп тұр. Талай сындарлы жылдарды еңсерген кезеңдер артта қалдырған еліміз. Кезекті саяси науқан басталды.
Атап айтсақ Қазақстан Республикасының Президентін сайлайтын күнге де келіп жеттік. Әлеуметтің әлеуетін арттыратын тұлғалар халықтың мәселесін шешуге қажетінше үгіт насихатын жүргізді. Ендігі жерде нақты бір лидерді таңдай отырып, лайықты көшбасшыға ұлт ертеңін тапсыру ғана қалып отыр.

Олай болса кемел келешегіміз баянды болашағымыз үшін конституциялық құқымызды пайдаланып сайлау учаскесінде өз даусымызды беруге тиіспіз. Бұл , әрбір қазақстандықтың Отан алдындағы негізгі борышы.

Айтілес Жайшылық ,
студент

20 қараша 2022 ж. 507 0