Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы қосымшаға беремін деп қиянат қылып жүрмейік

Баланы қосымшаға беремін деп қиянат қылып жүрмейік

Баланы жастар. Бұл сөз бүгінде балалардың мойынына батапдай жүк артып отыр. Жас ата-аналар қауымы баланың бос уақыты болмауы керек деген пікірмен оларды түрлі үйірмелерге берген болса, үлкендер жағы мұның балаға ауыр салмақ арту екендігін айтады. Бұл турасында tolqyn.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі сараптама жасап көрген еді. 
Гүлнар Анапияева, Білім беру саласының ардагері 
Қазіргі баланы кішкентай жасынан ата анасы түрлі үйірмелерге береді. Баланың бір күні бос болмайтын етіп кестелеп қояды. Әрине бала біліммен де, спортпен де, мәдени саламен де айналысады. Кешке сүре құлап шаршап келеді. Келген соң тағы соткаға үңіледі. Бала солғын, шаршаңқы кейіпте. Мен 40 жыл ұстаз болған адаммын. Бала арқа жарқа күліп, секіріп, жүгіріп, аунап, емін еркін жүруге уақыты жоқ. Сонда оның бал дәурен балалығы қайда? Көп бала еркінен тыс сүреңсіз өмір сүріп жатқан сияқты. Ауыл балалары еңбекпен айналысуға, сыртта көп жүруге мүмкіндігі бар әзірге. Қарап отырсақ қайратты, шымыр да солар. Бірақ ауылдан ақылы түрлі үйірмелер жоқ. Мектеп жанынан ашылған қосымша сабақтар болмаса. Сонда да болса техника дамымаған өткен ғасырдың өзінде  талантты ғалымдар, өнер майталмандары, спортшылар ауылдан шықты ғой. Қазір қалада және қала типтес мекендегі балалар шектен тыс жүктемеде. Ол қаласын қаламасын сол ауыр жүгі бар өмірге балаларын салып қойған. Өйткені өздері жұмыста, тәрбиемен түрлі үйірмелер, қосымша сабақтар айналысып жатыр. Сондай-ақ көп ата-ана өзінің қол жетпеген дүниені баласынан талап етеді. Кезінде өздері армандаған үйірмелер мен қосымшаларға балаларын апарып жатады. Бәлкім ол баланың құмартатыны басқа шығар. Онымен шатағы жоқ ата-аналар да бар. Менің ойымша баланың жүргені қалаған нәрсемен айналысуға мүмкіндік беру керек. Таланты бар бала түбі жарқырап шығады. Ал, түбінде ештеңе жоқ баладан қуыс қуыршақ жасаудың да қажеті жоқ.
Жазира Баймұратова, «Сартай» балабақшасының тәрбиешісі
Қазіргі заман ғылым мен техниканың қарыштап тұрған кезі. Бұрынғыдай емес, жан-жақты болмасаң көптің көшіне ілесе алмауың бек мүмкін. Сондықтан да баланың түрлі үйірмелерге барып жан-жақты қабілетінің ашылғандығын қалаймын. Өзім төрт баланың анасымын. Тұңғышым екінші сыныпта оқиды. Қазір оның бос уақыты жоқ. Аптаның 5 күні түрлі үйірмелер мен қосымша сабақтарға барады. Оның ішінде мектеп жанындағысы да, ақылы негіздегі үйірмелер де бар. Ол бастапқыда томаға тұйық болатын. Қазір қабілеті ашылп келеді. Ағылшын тілін жетік меңгергенін қалаймын. Сол сабаққа барғандығының арқасын еркін сөйлесей алады. Тағы да көркем оқудан да жақсы. Және би үйірмесі де оның дарынын аша түуде. Баланың жан-жақты болуы оның өз ортасында беделінің биік болуына да септігін тигізеді. Сондықтан біз оның болашағының жарқын болуы үшін бармызды аямаймыз. Мен балаларымның арлығын да жасы жеткенде қосымша үйрмелерге беремін. Баланың барлық саланы қамтып бағын сынап көргені дұрыс деген тұжырымым бар. Уақыт өте келе бәлкім жүрек қалауымен нақты бір бағытқа бет бұрар. Әзірге сан-саланы қамтығаны дұрыс деп санаймын.
Нұрай Азаматқызы, №14 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы
Біздің сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі қосымша үйірмелерге барады. Әрине, әркім өзіне үнаған қосымша сабақ пен үйірмеге қатысып жатады. Сыныптастарымның бәрі талантты деп айта аламын. Мен де мектеп жанындағы қосымна үйірмеден бөлек би мен пиянинаға қатысып көрдім. Бұл анамның таңдауы болды.  Көңілін қайлдырмайын деп екіеуіне де қатысып жүрдім. Біршама уақыт өткен соң бидің өзімнің қалауым екендігін түсіндім. Көркем гимнастикамен айналысқан айналысқан ұнайды. Өкінішке орай оған үйрететін маман мен үйірме болмаған соң би үйірмесіне барып жүрмін. Бірақ, пиянинаға мүлде қызығушылығым болмады. Сол сабақ болатын күні үйден зорға өзімді қинап шығамын. Сонан соң анама барғым келмейтінін, қызығушылғымның жоқ екендігін айтты. Бастапқыда анам реніш білдірген-ді. Кейін көнді. Қазір тек биге ғана барып жүрмын. Кішкентай болғандықтан басқа үйірмелерге қатысуға мүмкіндігім болмай тұр. Мүмкін алдағы уақытта спорттың түрлеріне, көркем өнер үйірмесіне қатысатын болармын. Болашақтағы жоспарларым осындай.
Шынболат Құрманалиев, Жастар ресурстық орталығының қызметкері.
Балаңыздың ой-өрісін дамытып, білімге құштар етіп, кітап оқу, домбыра үйірмесіне апарып,спорттық секциялармен, рухани құндылықтарды бойына сіңіру баралық ата-ананың арманы болып тұр.
Түрлі үйірме мен секцияға қатысу баланың дамуына жағымды ықпал етеді, тілі дамып, қолының ептілігі жетіледі, көпшілікпен араласып мінезі ашылады, өз бетінше әрекет етуге талпынады. Мұндай балалар ересек өмірге де оңай бейімделеді. Кейбір қазақстандық ата-аналар, әсіресе қалалық жерде тұратын адамдар баласының жан-жақты дамуы үшін пайдалы үйірме мен секциялардың көптеп ашылғанын бағасының қолжетімді болғанын қалайды. Жұрт баласын көбінесе жүзу, сурет салу, бейнелеу өнері, музыка, би, футбол, шахмат сияқты үйірмелерге апарғанды қолайлайды алайда көп ата-ананың қаражаты жете бермейді. Ал, біздікіндей шағын қаларды мүндай мүмкіндік мүлде жоқ. Осыны ескеріп қалаларда, ауылдық жерлерде түрлі үйірмелер, спорттық мектептер, заманауи coworking орталықтардың көптеп ашылғанын және ата-ананың қалтасына ыңғайлы болса екен деймін. Сонымен қатар балалардың бос уақыты болмауы керек себебі қазіргі уақыт жан-жақтылықты, зор біліммен, үлкен ізденісті талап етеді.
Р/S: Бала болашақтың иесі. Ұрпағымен мың жасайтын адамзат үшін баласының бағының жанып, бабының келіскені бәрінен де маңызды. Десе де үлкендер жағы баланың санасына сыймайты мол салмақ салу да дұрыс емес деп есептесе, жстар баланың бос уақыты болмауы керек екендігін айтады. Әлеуметтік желіде жүргізіген сауаланамаға қатысқандардың 70 пайызы баламыздың бірнеше үйірмеге қатар береміз деп жауап берді. Ал қалған 30 пайыз қатысушы мұнің жас бала үшін тым ауыр жүк екендігін айтып отыр. Біз көптің пікірін көрсеттік. Әкімнің өз тұжырымы бар.
23 қараша 2022 ж. 518 0