Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділетті Қазақстанда еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіледі

Әділетті Қазақстанда еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіледі

Бүгінгі ұлықтау рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағы үшін бірқатар мәселелерді қозғап, біршама сала мамандарын қолдау жөнінде Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі тиіс екендігін айтты.Әрине, бұған дейін де мемлекет басшысы ретінде тізгін ұстаған кезде де еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсеткен еді. Ал бүгін құтқарушылардың келешегін тіпті кемелді ете түсті. 

«Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі тиіс. Әсіресе, ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы, жұмысшы, шаруа сияқты мамандардың мәртебесін одан әрі арттыра түсуіміз қажет», - деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мамандықтар бойынша қызмет етіп жүргендер еліміздегі ең сыйлы азаматтарға айналуы керек екенін айтты.

«Осы кәсіп иелері тиісті құрмет пен сыйға ие болғанда ғана, қоғамымыз шынымен жаңарды деп айта аламыз», - деді Мемлекет басшысы.
Өзім біраз жылдан бері Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженер болып еңбек етіп келемін. Бұл қызметте бізге артылар жауапкершілік жоғары. Күн сайын түрлі қауіп қатермен бетпе бет келіп жатамыз. Ал ел президентінің бүгінгі мәртебемізді көтеру туралы айтқан сөзі мерейімізді өсіре түсті.
Дулат СЕЙІЛОВ,
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты
26 қараша 2022 ж. 544 0