Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылда әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді?

Жаңа жылда әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді?

Қазақстан Республикасының «2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының бюджеті туралы» Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге, ең төменгі зейнетақы 53076 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24341 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 40567 теңге мөлшерінде белгіленді.  Бұл туралы  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының әлеуметтік төлемдер бойынша Арал аудандық бөлім басшысы  Мұрат Жанаев кеңінен түсіндіріп берді.
–2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5%-ға арттырылады, ал базалық зейнетақы мөлшері жұмыс істеген өтіліне сәйкес ең төменгі күнкөріс денгеймен есептеледі. Еңбек өтілі 33 жыл және одан жоғары еңбек өтіліне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайыз төленеді. Жаңадан тағайындалған зейнетақы есептеу үшін ең жоғарғы табыс 2022 жылы  55 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 189750 (55*3450), - дейді ол.
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады,  ал  №1, №2  тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.                      
– Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I топ – 77889 теңге,  II топ –62068 теңге,  III топ – 42190 теңге. Бұрын бала мүгедектігін 16 жасқа дейін белгілеп 16 жаста науқастығына сәйкес топтарға ауыстырса, енді 7 жасқа дейін бала мүгедегі болып 7 жастан бастап топтарға бөлінеді, яғни 7 жасқа дейін – 56794 теңге, I топ – 77889 теңге, II топ – 64502 теңге, III топ – 48681 теңге болып белгіленді. Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I топ – 113994 теңге,  II топ – 97361 теңге, III топ  – 81540 теңге. Мүгедек баланың күтіміне 56794 теңге төленеді, - деді М. Жанаев
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы: бір балаға – 34888 теңге, екі балаға  –  60445 теңге, үш балаға  – 75049 теңге, төрт балаға – 79512 теңге, бес балаға  – 82352 теңге, алты және одан жоғары балаға  –  85597 теңге. Тұлдыр жетім бір балаға – 47870 теңге, екі балаға – 95739 теңге, үш балаға  – 143608 теңге, төрт балаға – 191477 теңге.
Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы: төрт балаға дейін  – 131100 теңге, төрт және одан да жоғары бала туғанда – 217350 теңге. Бір жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға  –  19872 теңге, екінші балаға –  23495 теңге, үшінші балаға  –  27083 теңге, төртінші және одан да жоғары балаға  –  30705 теңге.
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. 4 баласы бар отбасыларға 55304 теңге, 5 баласы бар отбасыларға  –   69138 теңге, 6 баласы бар отбасыларға  –  82973 теңге, 7 баласы бар отбасыларға  –  96807 теңге, 8 баласы бар отбасыларға  –   110400 теңге, 9 баласы бар отбасыларға – 124200 теңге.
Айта кететін жайт, көп балалы аналарға (Алтын, Күміс алқа, Батыр ана, І және ІІ дәрежелі Ана даңқы орден иегерлеріне) – 22080 теңге төленеді. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5% -ға артырылады.
Бүгінгі таңда қайта есептеу жұмыстары жасалуда, қаңтар айының басында қайта есептелген сома толығымен төленеді.
                                                                                                                         
02 желтоқсан 2022 ж. 464 0