Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі ауа райы болжамы

Бүгінгі ауа райы болжамы

Синоптиктер 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен қар жауады. Түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады.

Елдің қалған бөлігі жауын-шашынсыз, ауқымды антициклонның ықпалында болады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста төмен қарлы боран болжанды. Ал еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман басады, - деп жазылған хабарламада.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде қалың қар жауады.
09 желтоқсан 2022 ж. 464 0