Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді

Алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді

"Қазгидромет" 1-3 желтоқсан күндеріне арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендейтінін мәлімдеді.

"Қазгидромет" таратқан ақпаратқа сүйенсек, кезекті антициклонның жылжуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі, осыған байланысты батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Еліміздің орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонның шығуы өз әсерін сақтайды, сонымен байланысты жауын-шашын әкеледі, негізінен қар түрінде, 1 желтоқсанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 2-желтоқсанда атмосфералық фронттардың өтуімен шығыста қалың қар жауады деп күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – тұман, көктайғақ; шығыста және орталықта – боран", – делінген ақпаратта.
stan.kz
01 желтоқсан 2022 ж. 482 0