«Болашақ» университетінде жаңа мамандық әзірленді

Полиция департаментімен жасалған меморандум негізінде «Болашақ» университетінде «құқық қорғау қызметі» мамандығы ашылды.
Жаңадан ашылған мамандықтың негізінде өткізілген ғылыми семинарға Қызылорда облысы Полиция департаментінің Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Жамал-ад-Дин Назарбек, Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Бижанов Самат және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері қатысып, мамандықтың бүгінгі таңда өңірге қаншалықты қажет екендігін және мамандықтың қыр сырын ашып түсіндірді.
Сонымен қатар, аталған семинарға Полиция департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі, Заң ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы бойынша 2022 жылдың «Үздік тергеушісі» байқауының жеңімпазы Бексейтов Асылбек «Менің мамандығым» тақырыбында дәріс оқыды.
