Қазақ күресінен ІІМ чемпионаты өтті
Петропавл қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында Қазақ күресінен «Динамо» ДШСҚ ОК-нің VIII ведомствоаралық спартакиадасы және ҚР ІІМ чемпионаты өтті.
Жарысқа ІІМ құрама командаларынан және еліміздің барлық полиция департаменттерінен, Төтенше жағдайлар комитетінен, Мамандандырылған күзет қызметі мен Қылмыстық атқару жүйесі басқармасынан 130-дан астам балуандар, сондай-ақ Ұлттық ұланның және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олардың үштен бірі – спорт шеберлері.
Жарыс қорытындысы бойынша ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің құрама командасы 18 команда арасынан 1-ші орынға ие болды.
Көлік полициясы командасы 6 адамнан құралған, олардың ішінде халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, «қазақ күресі» мен самбо, дзюдоның бірнеше дүркін чемпиондары бар. Олардың бірі: Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы полиция капитаны Жамағатов Азамат 74 кг дейінгі салмақ дәрежесінде – 1 орын, АЖДБ инспекторы полиция капитаны Қабдолдаев Ернар 100 кг дейінгі салмақ дәрежесінде – 2 орын, Семей ст. Желілік полиция бөлімінің штаб инспекторы полиция аға лейтенанты Рамазанов Қуаныш +100 кг салмақ дәрежесінде – 2 орын, сондай-ақ Семей ст. ЖПб полиция капитаны Құсыманов Медет 66 кг дейін -3 орын алды.
«Жеке құрамның кәсіби дайындығының арқасында Департаменттің құрама командасы тарихта алғаш рет құрметті бірінші орынға ие болды», - деп атап өтті Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Талғат Қожабаев.
Бүгін ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қабылов Аманжол Жайғалиұлы аталмыш жарыстың барлық жеңімпаздарын салтанатты түрде құттықтап, марапаттау туралы бұйрыққа қол қойды.
Естеріңізге сала кетейік, 16-18 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан елдерінің қатысуымен «Еуразия кубогы» үшін жекпе-жек өтіп, Көліктегі полиция департаментінің қызметкері, полиция аға сержанты, инспектор-кинолог Айдос Абдолұлы 75 кг дейінгі салмақта титулды белбеуді иеленіп, «Еуразия чемпионы» атанған болатын.
https://baq.kz