Елдің жайын күйттеген тележурналист
Бүгінгі мақалаға «Хабар» телеарнасында «Бағдарламалар өндірісі» бөлімінің редакторы, «Таңғы хабар», «Баспанаға бағыт», «Бизнеске бағыт», «Біздің назарда» бағдарламаларының редакторы, «Бүгін» саяси бағдарламасының, «Не хабар?» телевизиялық подкастының шеф-редакторы, «Ерекше бақылауда» телебағдарламасының жүргізушісі, жерлесіміз Нұрболат Жаңабергенұлы Үсенов арқау болмақ. Жас журналистің туып-өскен ортасы, қызметі мен өміріндегі өкініші туралы төменде баяндалады.
Нұрболат туралы естідім. Әдетте жақсы жаңалықты қалт жібермейтін әдетпен оның байланыс нөмірін тауып, қоңырау шалдым. Телефон қоңырауын көтерген жарқын дауысты жігіт мән-жайды айтып түсіндірген соң, жұмысының тығыздығына қарамай мен қойған сауалдарға жауап берді.
Нұрболат Жаңабергенұлы 1995 жылы Арал ауданы, Шөмішкөл ауылында Үсеновтер отбасында өмірге келді. Ол әкесі Жаңаберген мен анасы Бағдагүлдің бес баланың ішіндегі үшінші перзенті. Нұрболат 2002 жылы Шөмішкөл ауылындағы №66 орта мектептің табалдырығын аттады. Алғашқы ұстазы – өзінің анасы Бағдагүл Тәжімбетова. Қазір де сол мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет етеді. Әкесі Жаңаберген Жүсіпов мұнайшы болған. Атасы Үсен Жүсіпов – сол №66 мектептің директоры болған азамат. Құрметті ұстаз.
– 2013 жылы мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-ға оқуға түстім. Университетте «Атамекен» интеллектуалды-пікірсайыс клубын 2014-2016 жылдар аралығында басқардым. 2014 жылы университеттегі «Жасыл ел» қозғалысын басқардым. Түрлі деңгейдегі ақындар мүшәйрасының жеңімпазы атанып жүрдім. 2017 жылы университеттің филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірдім, – деген Нұрболат оқу орнында жүргенде-ақ өзін сан қырынан таныта бастаған.
Дипломды жас маманның еңбек жолы 2017-2018 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болудан басталады. 2018-2019 жылдары Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап «Хабар» телеарнасында «Бағдарламалар өндірісі» бөлімінің редакторы болып жұмыс істеп келеді.
– "Хабар" телеарнасында «Таңғы хабар», «Баспанаға бағыт», «Бизнеске бағыт», «Біздің назарда» бағдарламаларының редакторы, «Бүгін» саяси бағдарламасының, «Не хабар?» телевизиялық подкастының шеф-редакторы қызметтерін атқардым. «Ерекше бақылауда» телебағдарламасын жүргіздім. «Хабар» арнасынан осыған дейін шыққан талай арнайы жобалар мен мерекелік жобалардың, деректі фильмдердің сценарийсі, шеф-редакторы болып жүрмін. Ал қазіргі күні «Хабар» арнасына әр бейсенбі сайын эфирге шығатын «Бізге хабарласқан» атты халықтың әлеуметтік проблемаларын айтатын бағдарламасын жүргіземін әрі сюжет редакторымын. Және «Хабар 24» арнасынан әр сейсенбі, бейсенбі күндері 21.30-да тікелей эфирде шығатын «Пікірталас» бағдарламасының сценарийсі, жүргізушісімін. Күнделікті 14.00-15.00 аралығында эфирге шығатын «Айналайын» бағдарламасының шеф-редакторы, сценарийсімін, – деген Нұрболат елімізге танымал «Хабар» арнасындағы бір ғана емес, бірнеше қызметтерді қоса атқарып жүргендігін айтты.
Нұрболат журналистика саласын бекер таңдаған жоқ. Өзі шалғай ауылда туып-өсті. Бала кезден елдің ішіндегі түрлі инфрақұрылымдық мәселелерді көрді. Сол «елге көмектессем ғой» дейтін бала жүрегінен туған арманы оны журналистика саласының білікті маманына айналдырды.
– Журналистикада жүрудегі ең бірінші мақсатым – қарапайым халықтың проблемаларының шешілуіне себепкер болу. Кейбір азаматтар әкімдікке, құзырлы органдарға қатысты шағымын айтып телевидениеге хабарласады да, ол шешілмей жатса, бізге өкпесін айтады. Ол азаматтар бірінші кезекте журналистер былғары креслода отырмайтынын, кез келген проблеманы шеше салатын шексіз билік иесі емес екенін түсінуі керек. Біз қолдан келетін барлық әрекетті жасаймыз. Халықтың мұңын, мәселесін жауапты мекеме басшыларына жеткіземіз, шешіп беруін талап етеміз. Құдайға шүкір, бұл ісіміздің нәтижесін талай көрдік. Алайда бірден шешіле қоймайтын проблемалар бар екенін мойындау керек қой. Өзім туған Шөмішкөл ауылында да су мен жолдан бастап ірілі-ұсақты проблема жетеді. Арасында соларды көгілдір экранға шығарып жүрмін. Парламент қабырғасында отырған белгілі депутаттардан бастап, тиісті министрліктерге, облыстағы жауапты басқармаларға, аудандағы бөлім басшыларына байланысқа шықтым. Бірақ әлі мен айтқан түйткілдердің түйіні толық тарқатылмай келеді. Дегенмен тамшы тама берсе, тасты жаратыны секілді, мәселелер де біртіндеп шешілетініне сенемін. Кейбір істердің бел ортасына кеп қалдық, – дейді Нұрболат.
Нұрболат бүгінде сөзі өтімді журналист. Өзінің саласында абыройлы еңбек етіп, мақсатына жеткен азамат. Дегенмен оның жүрек түкпіріндегі бір өкініші кейде көкірегін шаншып өткендей болады.
– Көңілімдегі ең бір ешкімге айтпаған шерім – әкем мен атқарған істерді көріп, бір марқайса екен, өзі еккен егіннің жемісін жесе екен дейтінмін. Бірақ адамның емес, Алланың қалауы болады ғой. 2021-дің 21 қаңтарында өмірімдегі ең қаралы хабар жетті. Бала-шағаның қызығын енді көрер шағында әкем бақилық болды. Алла әкешімді өзінің панасына алсын. Қос қанатымның бірі қырқылған соң, шарықтап ұшуға шамам болмады біраз уақытқа дейін. Кейін ес жидық, тірі адам секілді тіршілік етуді үйреніп келеміз ақырындап, – деген Нұрболат жұмыр басты пенденің бәрінің бір кемтігі барын түсінгендей.
Аллаға шүкір, Нұрболат еңбекте табысты болумен қатар отбасылық бақытқа да бөленіп отыр. Жары Гүлдана Төреханова екеуі үш жасар Айша есімді қыз бен бір жастағы Ақәділ батырдың ата-анасы.
Аралда туып-өсіп, қазірде қазақ атын әлемге танытып жүрген жерлестеріміз жетерлік. Нұрболат Үсенов те солардың бірі деп айтуға толық негіз бар. Бүгінгі дарынды журналист ұлтының қамын ойлап, ұлы істердің басынан табыла білген ел ағасына айналарына сенім мол.
Н. Маратқызы