Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тағы бір мемлекеттік мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда тағы бір мемлекеттік мереке пайда болуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов 12 желтоқсан – Алаш күнін мемлекеттік деңгейде атап өтуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында депутат 1917 жылы желтоқсанда Әлихан Бөкейхановтың Алаш республикасы үкіметінің төрағасы болып сайланғанын, бұған дәлел ретінде «Сарыарқа» газетіндегі жарияланымды көрсетті.

«Биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толып отыр. Естеріңізге сала кетейін, 29 маусымда «Ақ жол» фракциясы бұл датаны мемлекеттік деңгейде атап өту туралы депутаттық сауал жолдаған болатын. Бірақ, өкінішке қарай, бұл тарихи дата тағы да назардан тыс қалды», деді депутат Берік Дүйсенбинов.

Тарихи әділеттілікті орнату үшін депутат жыл сайын 12 желтоқсанды мемлекеттік деңгейде Алаш күні ретінде атап өтуді ұсынып отыр.

Еске сала кетейік, 2022 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай 1 желтоқсандағы мерекелік күн жойылды. Бұл датаны Мемлекеттік рәміздер және Алғыс айту күні сынды атап өту ұсынылды.

Сонымен қатар Республика күні 25 қазанда тойланатын мемлекеттік мерекелер қатарына қайтарылды.
21 желтоқсан 2022 ж. 300 0