Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кентте өткен тағылымдық кеш

Кентте өткен тағылымдық кеш

Сексеуіл кенттік кітапханасында қазақтың көрнекті ғалымы, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай "Алаштың арда перзенті " атты тарихи танымдық кеш өтті.

Кештің мақсаты -  Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы және Алаш қозғалысының жетекшісі , жалынды публицист, аудармашы Ә.Бөкейханның өмірі мен қоғамдағы рөлін, қызметін жан жақты зерттеу, тану, келешек жас ұрпаққа кеңінен насихаттау.
Танымдық кеш кітапхананың тұрақты оқырманы, тарихшы, саясаттанушы М. Қуанышбаевтың алғы сөзімен басталды. Алғы сөзде  "Алаш" идеясын алға тартқан Ә.Бөкейхановтың 1917 жылы желтоқсанда зиялы серіктестерімен бірлесіп Алаш ұлттық-территориялық автономиясын жариялап, оның төрағасы болып сайланғаны және Ә.Бөкейхановтың қазақтың қайта құрылған елі көпұлтты, сан мәдениетті тұтас мемлекет болатындығын болжағаны туралы деректер айтылды.
Кеш барысында Сексеуіл мәдениет үйінің директоры Б. Махамбетқалиев "ХХ ғасырдың басындағы Шығыс Қазақстандағы қоғамдық саяси өмір және Әлихан Бөкейханов" тақырыбында баяндама оқыды.
Кеш соңында кітапхана оқырмандары өз арнауларын жолдады.
"Толқын" газеті
12 қаңтар 2021 ж. 738 0