Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТОЛҚЫНДА ТУҒАН ТАРЛАН

ТОЛҚЫНДА ТУҒАН ТАРЛАН

Жазушылық қабілеті түркі халықтарынан асып, Еуропаны мойындатқан көрнекті қазақ қаламгері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 20 ғасырда әдебиеттің дамуына сүбелі үлес қосқан жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов биыл 95 жасқа аяқ басты.
Осы орайда, күні кеше Арал аудандық орталық кітапханада жазушы, қоғам қайраткері Ә.Нұрпейісовтың 95 жылдық мерейтойына орай «Толқында туған тарлан» атты кең көлемді көрме есігін айқара ашты.
Киелі Арал топырағының төл перзенті, қазақ әдебиетінің абызы атанған жазушының өмірі мен шығармашылығын кейінгі ұрпақтарға үлгі тұтып, кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Шөменов бастаған сала қызметкерлері, кітапхананың тұрақты оқырмандары мен мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Жазушының шығармашылығынан сыр шерткен көрмені аталған кітапхананың кітапханашысы Өтегенова Мейрамкүл таныстырып, көрменің бес бөліміне жекелей тоқталып, кеңінен әңгімеледі.
«Тоқсан беске толған толағай» бөлімінде әдебиетіміздің мақтанышына айналған алып жазушының өмір жолы мен «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» романы, «Күткен күн», «Сең», «Сондай да бір күн болған», «Сондай да бір түн болған» атты кітаптарымен таныстырылып, толқын тебіренткен таланттың тың туындылары баяндалды. Екінші бөлімде «Қан мен тер» трилогиясында қазақ төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының трагедиялық жағдайы, халық болмысы мен күллі адамзатқа тән арман-мұраты қайталанбас қадау-қадау образ-характерлер арқылы айқын суреттелген.
Айта кету керек, көрмеде жазушының Аралдың арда азаматтарымен, қоғам қайраткерлерімен түскен фотосуреттері, 70 аса туындылары мен 20-ға тарта баспасөз материалдары қойылған.
06 қазан 2019 ж. 1 794 0