Саудагердің молдамен достасуы

– Өйтіп қиналғанша бар дүниеңді маған қалдырып кете ғой, – дейді.
– Дос, мен қолымдағы мүлік біткенде сатып үйренген адаммын, мына дүниенің орнына не бересің, – дейді саудагер.
– Егер сен олай-бұлай боп кетсең, ақы-пұлсыз-ақ жаңазанды өзім шығарам,– дейді молда.
Амалы таусылған саудагер соған да риза болып, мүлкін түгелдей тастап кетеді.
Тастауын тастағанмен осы сапар шеккен зияны ішін удай ашытып, ақырында соның орнын толтыру үшін Ғерат қаласына барып,сауда-саттық жасап қайтпақшы бопты. Бірақ көп ұзамай Ғераттың жолында жол торыған баскесерлер көп деген қауесет тарайды. Енді ұзақ сапарда серік боп баратын адам іздейді. Аяқ астынан ондай адам табылмайды, ал бірлі-жарымтәуекел дегендері ақысына көп ақша сұрайды. Болмаған соң саудагер Шымбайға тура тартып, молданың үйіне келеді де:
– Менімен Ғератқа бірге жүретін болдың, – депті.
– Нең бар онда, –дейді молда көзі аларып.
– Жолда баскесерлер көп деседі. Неғайбыл шейіт болып кетсем, басыма жаназа оқисың,– дейді саудагер міз бақпастан.
Уәжі таусылған молда сол арада ауыр күрсініпті деседі білетіндер.
А.Өткелбаев,
«Еңбек ардагері» медалінің иегері
«Еңбек ардагері» медалінің иегері
Фото: akparat.com