Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК ел аймақтарында 25 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде Солтүстік-батыс антициклон жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы әлі де өз ықпалын сақтайтын болады. Тек ҚР-ның солтүстік, шығыс өңірлерінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен әлсін-әлсін қар жауып, жаяу бұрқасын жүруі мүмкін.
Республика аумағы бойынша тұман түседі, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, шығыста желдің күшеюі күтіледі», - деп жазды синоптиктер.
kyzylorda-news.kz
Фото: khabar.kz