Еңбегі елеулі жастар: «Үздік жастар – 2022» премиясы

Жыл қорытындысы ретінде орталығымыз аудандық мәдениет үйінде жастар форумын өткізді. Сонымен бірге атаулы форумда аудан әкімі Серік Сермағамбетов әр сала бойынша елеулі еңбек етіп, аудан дамуына өзіндік үлес қосып жүрген жастарға «Үздік жастар – 2022» премиясы табыстаған болатын. Жастар форумында аудан басшысы әр сала бойынша елеулі еңбек етіп, аудан дамуына үлес қосып жүрген үздік жастарды марапаттады. Сонымен бірге «Жас балықшы» Айболат Жаналиев пен «Жас тазалықшы» Фариза Ідірісоваға демалыс шипажайына жолдама табысталды. Аудан басшысы ел тарихының дамуы мен өркендеуі, ертеңгі ел болашағы жастарға байланысты екендігіне тоқталып, оларға беріліп жатқан мүмкіндіктер жайында айтып өтті.
Түрлі-түсті жарықтармен безендірілген сахна төрінде алдымен аудандық «Жастар ресурстық орталығының» атқарған жұмыс нәтижелері мен жетістіктері арнайы бейнеролик арқылы қалың көпшілікке таныстырылды.
Атаулы форум әрі қарай аудан өнерпаздарының өнерлерімен жалғасын тапты. Айтыс саласының майталманы Бексұлтан Орынбасаров аудан жастарына арнау арнаса, Ғазиз Бектұрынов Ш.Қалдаяқов атамыздың әндерінен поппури шашу етті. Өз мәресіне жеткен жастар форумында көрермендер ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта жалғасын табарына сенім білдірді.
НҰРСҰЛТАН Алдамұратов,
Аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері,
«Жас Толқын» еріктілер тобының жетекшісі