Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Су айдындарында (мұзда) абай болыңыздар!

Су айдындарында (мұзда) абай болыңыздар!

Ауа райының күрт жылып кетуінен Кіші Арал теңізінде және аудан көлеміндегі барлық су айдындарында мұздың қалыңдығы жұқарып, әр жерден үлкен жарықтар пайда болуда. Сол себепті мұздың техникалық төзімділігі талапқа сай емес.
Мұз үстіндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында, барлық мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың балықшылары мен әуесқой балықшыларға су айдындарының (мұздың) үстіне шығуларына, сондай-ақ, Сырдария өзені арқылы өтетін елді мекендердің тұрғындарына, мұзды өткел есебінде пайдалануға қауіпті екенін ескерткімі келеді. «Жұқа мұз – жасырын қауіп» деген. Жол қысқарту немесе уақыт үнемдеудің тиімді тәсілін ойлап мұз айдындарында көлікпен жүру әрбір жолаушының өміріне қауіпті екенін естен шығармағайсыздар. Сондай-ақ балықшылар қауымы да мұз бетіне шығып, балық аулауда өте сақ болған абзал. Ең дұрысы қауіп сейілгенше мұзы айдындарына шықпай, күн райының дұрысталғанын күткен жөн.
Е. ЖИЕНӘЛИЕВ,
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ-і,
Жедел құтқару жасағының құтқару бөлімше басшысы
04 қаңтар 2023 ж. 502 0