Аудан тұрғындарының назарына!
Су айдындарында (мұзда) абай болыңыздар!
Қазіргі таңда температураның жоғарылауына байланысты аудан көлеміндегі су айдындарында мұздың техникалық төзімділігі талапқа сай емес.
Мұз үстіндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында көліктердің және барлық мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың балықшылары мен әуесқой балықшыларға су айдындарының (мұздың) үстіне көлікпен шығуларына, сондай-ақ Сырдария өзені арқылы өтетін елді мекендердің тұрғындарына мұзды өткел есебінде пайдалануға қауіпті екенін хабарлайды.
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті "Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі, Жедел құтқару жасағы