Пойыз кешіккен кезде билет бағасын қалай қайтаруға болады?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару және пойыздардың кешігіп келгені үшін өтемақы төлеу жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.
Пойыз кешіккен кезде:
- 1 сағаттан кешіктірілмей жүретін пойызда жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі, бірақ жолаушылар пойызы билетте көрсетілген станциядан жөнелтілгенге дейін.
- Жолаушыларға жол жүру жолында сапарлауын тоқтатқан кезде жүріп өтпеген қашықтық үшін жол жүру құны төленеді
- Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар пойызы кешіккен жағдайда әрбір толық сағат үшін 3% мөлшерінде өтемақы төленеді, бірақ жол жүру құнынан аспайды. Өтемақыны «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның билет кассаларынан алуға болады.
Жеке тасымалдаушының жолаушылар пойызымен жүрген жолаушылар өтемақы алу үшін жеке тасымалдаушының әкімшілігіне жүгінуі керек.
Жолаушылар пойызын ауыстыру кезінде:
- Ауыстырылған төменгі санаттағы жолаушылар пойызында / вагонында жүрген жолаушыларға жол жүру құнының айырмасы төленеді, жоғары санат үшін жолаушылардан қосымша ақы алынбайды.
- Ауыстырылған пойызда/вагонда жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүрудің толық құны қайтарылады.
Фото: opennews.kz