Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Республиканың шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен аздаған қар, төмен қарлы боран, елдің оңтүстігінде - желдің күшеюі, тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Түнде Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Алматы облыстарының таулы аудандарында -25-26 градусқа дейін қатты аяз болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК синоптиктері.
Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -22-24°С, күндіз -13-15°с.
Алматыда аздаған бұлттылық сақталады, алайда күн жауын-шашынсыз өтеді. 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -15-17°С, күндіз -5-7°С.
Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Шығыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -13-15°С, күндіз -1+1°С.