Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Q-med» клиникасы медициналық сақтандыру бойынша қызмет көрсетеді

«Q-med» клиникасы медициналық сақтандыру бойынша қызмет көрсетеді

Жүрек-қан тамырлары, неврологиялық аурулар әртүрлі жастағы адамдар арасында жиі кездеседі. Сондықтан, медициналық ұйымдарда инсульт, инфаркт алған артериялық гипертензиямен ауыратын науқастар арасында медициналық қызметтерге сұраныс жоғары. Осы аурулар кезінде барлық қажетті медициналық қызметтер Қызылорда қаласының «Q-med» клиникасында ұсынылған. Бүл орталығының қызметтері МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтарға қол жетімді.

Қаланың 46 жастағы тұрғыны Ербол Байманов жоғары қан қысымымен ауырады. Қысым 280-ге көтерілгенде, ер адам комаға түсті. Диагноз: ми артерияларының тромбозынан туындаған ми инфарктісі. Дәрігерлер науқасты құтқарды. Табандылықтың, күнделікті оңалту емінің, туыстарының қолдауының арқасында Ербол тез аяғына турды.
«Жергілікті емхана дәрігерінің жолдамасы арқылы «Q-med» клиникасында қалпына келтіру емінен қабылдап жүрмін. Мұнда маған қажеті барлық медициналық қызметтері бар: массаж, фитобочка, логопедтін көмегі, жаттығу терапиялары, сауна, бассейн және т.б. Әзір жұмыс істемеймін, 3 топтағы мүгедекпін. МӘМС жүйесінде мәртебем «сақтандырылған». Біз, пациенттер, медициналық ұйымдарды таңдау мүмкіндігіне ие болғанымызға және жеке клиникалардың қызметтер қолжетімдігіне қуаныштымын», - деп атап өтті Ербол Байманов.
«Q-med» медициналық орталығында отадан кейін, әртүрлі созылмалы аурулары бар, инсульт, инфаркт алған пациенттер ем алады және оңалтудан өтеді. Мұнда терапевт, невропатолог, кардиолог, логопед, психолог, кәсіби терапевт, жаттығу терапиясының нұсқаушылары және тағы басқа қажетті мамандыр жұмыс істейді. Дәрігерлердің көпсалалы тобы пациенттің жағдайын және қажетті емдеуді анықтайды.
«Қалпына келтіретін емдеуден бөлек, біз денені тазарту, психоэмоционалдық жағдайды жақсарту, сондай-ақ спа және су процедураларын ұсынамыз. Егер көрсеткіштер болса, мұның бәрі МӘМС шеңберінде қызмет алатын пациенттерге де қолжетімді», - деді «Q-med» клиникасының құрылтайшысы, «Сана-Сезім орталығы» ЖШС директоры Раушан Базарбай.
Емханада ай сайын 100-ге жуық адам ем қабылдайды. Олардың қатарында басқа өңірлердің тұрғындары да бар. 2022 жылы медициналық сақтандыру қорынан «Q-med» пациенттерін емдеу және оңалту үшін 130 млн. теңге бөлінді.

Айгүл АХАНОВА 
Фото: ​atr.kz​​​
18 қаңтар 2023 ж. 249 0