Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС: Ауылдық ауруханадағы медициналық оңалту

МӘМС: Ауылдық ауруханадағы медициналық оңалту

Емдеудің маңызды кезеңдерінің бірі – медициналық оңалту. Жарақат пен ауыр аурулардан кейін адам әдеттегі өмір салтына оралып, жоғалған қабілеттерін қалпына келтіруі керек. Жыл басынан бері Сырдария аудандық ауруханасында 300-ден астам ауыл тұрғыны медициналық оңалту қызметін алды.
Аудан тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Абат Жарылқасынов инсульт алды. Кезеңдік оңалтудың арқасында жоғалтқан қабілеттерін қалпына келтіріп жүр.

«Өткен жылдың қараша айында инсульт алдым, денемнің оң жағы жұмыс істемей қалды. Облыстық ауруханада ота жасалған сон бірден оңалту емін бастадым. Аудандық ауруханада оңалтуды жалғастырдым. Емдік дене шынықтыру кәсіби нұсқаушыларының, логопедтердің, массажистердің арқасында бірте-бірте әдеттегі өмір салтыма оралып жатырмын. Мен әлі 60 жасқа толған жоқпын. Алда көп жоспарлар бар, бас тартуға болмайды. Өзіңмен жұмыс істеу керек!», – дейді Абат Жарылқасынов.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізілгеннен кейін оңалту емдеу қызметтері қолжетімді болды, дейді емделушілер. Бұған дейін оңалтудан өту үшін кезекке тұру керек болатын. Енді жоспарлы түрде жергілікті дәрігердің жолдамасы бойынша ауруханаға жатқызу бюросының порталына тұру жеткілікті.

«Қалпына келтіру емін ақысыз негізде: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде – негізгі ауруды емдеуде, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастар үшін. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде – аурулар мен денсаулыққа байланысты мәселелердің халықаралық жіктемесі бойынша аурулар тізбесіне сәйкес. Аурухана бөлімінде оңалтудан өтіп жатқан науқастарға арналған 10 төсек-орын және паллиативті науқастарға арналған 10 төсек – орын бар», – деді Сырдария аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлфарида Әбдібекова.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 212 мың медициналық оңалту қызметі көрсетілді. Бұл мақсатқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 1,7 млрд теңге бөлінді.

kyzylorda-news.kz
27 қыркүйек 2022 ж. 310 0