Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Алдағы айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.
Биыл 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні қазақстандықтар бір күн демалады.
Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді. Биыл мереке сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндеріне түсіп тұр. Сол себепті қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады.
Бұл аптада тек дүйсенбі мен жұма күндері жұмыс күндері болып есептеледі. Ешқандай ауыстырулар жоқ. Осылайша қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалады.