Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл қанша азамат әскерге шақырылады?

Биыл қанша азамат әскерге шақырылады?

Үкімет 2023 жылғы 9 ақпандағы Президенттің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлығын іске асыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, өңірлердегі әкімдіктерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастыру және 2023 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында 18 бен 27 жас аралығындағы 37 056 ер азаматты шақыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар әкімдіктер шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырып, мерзімді әскери қызметке отставкадағы әскери қызметшілер мен әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етуі тиіс.

Әскери міндеттілер мен отставкадағы әскери қызметшілерді тасымалдауға арналған шығыстарды өтеу тікелей тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға олар ұсынған шоттар бойынша республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде жүргізіледі.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне әскерге шақырылушыларды жинау және жіберу орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыру қажет.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
13 ақпан 2023 ж. 224 0