Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Пештен қатер келмесін!

Пештен қатер келмесін!

Улы тұншықтырғыш газ (угарный газ) – көп жағдайда тұрмыста иіс тиіп, уланудың басты себепшісі болып отыр. Бұның басты қауіптілігі ол ешқандай иісі болмағандықтан адам оны көп жағдайда сезбей қалады, және оның пайда болуына жану процессінің барлық түрі де себепші болады. Ол адам ағзасындағы қанның гемоглобинін улап, зардап шегушінің ағзасына оттегі беруіне жол бермейді. Уланудың негізгі белгілері ол - бас ауруы, естен тану, тұншығып тыныс тарылуы. Егер уланудан зардап шегушіге тез арада таза ауаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетілмесе, орны толмас қайғылы жағдайға душар болуы мүмкін.
Жылу беру маусымында облыс көлемінде тұрмыста иіс тию, улы тұншықтырғыш газбен улану факторлары көбеюде. Иіс тиюдің негізгі себептері пеш құрылысының ақаулығы, яғни жылыту пешінің жарықтары, мұржаның бітелуі және газ құрылғыларының ақаулығы мен пайдалану ережелерінің бұзылуы. Сонымен қатар, жанып жатқан пешке керекті мөлшерде ауаның жетіспеушілігінен және жабық тұрған гаражда автокөліктің ұзақ уақыт оталып тұруы да улы газдың пайда болуына себепкер болады.
Осындай қауіпті жағдайға душар болмас үшін қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:
жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа элементтері тікелей жылыту маусымының алдында тазартылуы тиіс. Ал жылу беру маусымы кезінде – 2 айда 1 рет тазалаңыз.
Жағулы пешті қараусыз қалдырмаңыз.
Жағу үшін дайындалған отында, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің жанында орналастырмаңыз.
қатты отын жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз.
жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, ағаш) пештер мен түтіндіктердің беттерінен 0,5 м кем болатын арақашықтықта кептіруге тыйым салынады.
Қысқа тұйықталу мен артық жүктемеден электр желілерін қорғау үшін электр сақтандырғыштарды тек көрсетілген қуатта ғана қолданып, авариялық ажыратқышты қосыңыз.
Қосулы электр жабдықтарын ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;.
Перделердің, төсемшелердің, дастарханның, төсектің тасымалданатын жылытқыштарға жақын орналасуына бермеңіз;
Әр розеткада тек бір электр құрылғыдан қолданыңыз, пайдаланып болған соң, өшіруді ұмытпаңыз.
Ең бастысы өзіңіз бен туыстарыңыздың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамай қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!
Төтенше жағдайлар немесе өрт жағдайы орын алған жағдайда «101» немесе «112» байланыс нөміріне хабар берулеріңізді сұраймыз.
Д. А. Әбдірасулаев,
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері лауазымында
өндірістік тәжірибеден өтуші курсант 

tolqyn.kz

15 ақпан 2023 ж. 245 0