Пештен қатер келмесін!
Ауа райы салқындап, баршамыз қысқа дайындық үстіндеміз. Осы мезгілде көпшілік қауым үйлеріндегі пештерін жағып пайдалатыны белгілі. Алайда, көп жағдайда пешті қауіпсіз қолдану талаптары ескерілмей жататыны да жасырын емес. Жылу беру маусымында тұрғын үйде орын алған өрттердің басты себептері – пеш құрылысы кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағандықтан және оны қауіпсіз пайдалану ережелерінің бұзылғандығынан болады. Сол себепті төмендегі қауіпсіздік ережелерін жадыңызда сақтаңыз:
–Пешті жағуға арналмаған басқа да отындық түрлерін қолдануға;
–Отты тез тұтандыру үшін бензин, керосин, басқа да тез жанғыш
сұйықтықтарды қолдануға;
–Ақаулы пештерді қолдануға (плитасы, есіктері сынған, қабырғалары
жарылған тағы басқа);
–Пешті аса қыздырып жағуға, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға;
–Пештің қыздырылатын бөліктерінен 0,5 метрден кем арақашықтықта киім кептіруге немесе басқада жанғыш бұйымдарды орналастыруға қатаң тиым салынады.
Пеш құбырларын, мұржаларын уақытылы тазалауды, жарылған, сызат түскен жерлерін сылауды естен шығармаңыздар. Себебі ақаулы пештерді қолдану кезінде улағыш газбен (угарный газ) уланудың, яғни иіс тиюдің қаупі артады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда қаламызда көгілдір отынды пайдаланушылар күн санап артуда. Осы орайда, газды қауіпсіз пайдалану ережелерін басты назарда ұстап, лицензиясы бар арнайы мамандардың ғана көмегіне жүгініп, сертификатталған газбен жылыту құрылғыларын ғана пайдаланған абзал. Қолдан бейімделіп, құрастырылған газбен қыздыру құрылғыларын пайдалануға қатаң тыйым салынады. Себебі газдың шығып кетуі (утечка газа) адам ағзасын улау және жойқын жарылыс жасап, арты үлкен шығынды өртке ұластырып, адам өміріне қауіп төндіретінін естен шығармайық.
Сондықтан да баспанамыздың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамай, өрт қауіпсіздігі талаптары мен газды қауіпсіз пайдалану ережелерін қатаң сақтайық!
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі