Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» мәліметінше, фронтальды бөлімдердің әсерінен республиканың жекелеген аудандарында қар жауады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, қар аралас жаңбыр күтіледі.
16-18 ақпанда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ құбылыстары, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында кейде жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады.