Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер

Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер

2023 жылдың 19 наурызы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және Мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.
Saylau.orda.gov.kz сайтында өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) енгізе отырып, «Өзіңді табу» батырмасымен қай сайлау учаскесінен дауыс беретініңізді, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын (Google картадан) көре аласыз.⠀
Сонымен қатар, «Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасындағы «Сайлау учаскесі» категориясынан өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексере аласыз.
Егер Сіз өзіңізді сайлаушылар тізімінен таппасаңыз немесе тіркелген мекен жайыңыз көрсетілген сайлау учаскесінің шекарасында болмаса, сайтта өтінім қалдыра аласыз немесе тұрғылықты мекен-жай бойынша сайтта көрсетілген нөмірлерге, сондай-ақ 8(72433)7-91-00 (3399) Call-орталығына хабарласа аласыз.

saylau.orda.gov.kz
02 наурыз 2023 ж. 433 0