Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлаушылар тізімінде барсыз ба?

Сайлаушылар тізімінде барсыз ба?

10 қаңтар – еліміз үшін маңызды дата. Бұл күні Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Осыған байланысты облыста дайындық қызу. Тұрғындарға, сондай-ақ, сайлау күні облыс аумағында болатын қала қонақтарына арнайы 400-200, 109 Call-орталығы және сайлаушылар тізімінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында Saylau.orda.gov.kz сайты іске қосылған. Бұл сервис сіздің сайлаушылар тізімінде бар-жоғыңызды лезде анықтап береді. Бүгінде сайтқа 1000-ға жуық онлайн өтінім мен сall-орталықтарына 400-ге жуық қоңырау келіп түскен.– Saylau.orda.gov.kz сайтында өзіңіз­дің жеке сәйкестендіру нө­мі­ріңізді енгізе отырып, «Өзіңді табу» батырмасымен қай сайлау учаскесінен дауыс беретініңізді, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын Google картадан көре аласыз. Егер азамат өзін сайлаушылар тізімінен таба алмаса немесе тұр­ғылықты мекен-жайы бас­қа сайлау учаскесінің шека­ра­сында болса, жүйеде онлайн өтінім қалдыруға болады. Оның екі тәсілі бар. Бірінші, облыс аумағында тіркелген аза­­маттар үшін оператордың хабарласуына онлайн өтінім қалдыру, болмаса белгіленген аймақтардағы әкімдіктің жауапты тұлғаларының байланыс нө­мірлеріне хабарласу. Екінші, тұр­ғылықты мекен-жайы басқа сайлау учас­кесінің шекарасында болған жағ­дайда 10 желтоқсан күні сағат 18:00-ге дейін нысанға сәйкес өтініш толтырып, тиісті әкімдікке оны онлайн жолдау, – деп хабарлады облыстық цифр­­лық технологиялар басқармасы ақ­параттық технологиялар орта­лы­ғының директоры Сәбит Ибадулла өңірлік ком­му­никациялар қыз­метіндегі брифингте.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы әр сайлаушыны құқықтық сауаттылық танытып, сайлау құ­қығын пайдалануға шақырған үн­деуін жариялаған болатын. Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу бойынша заңды маңызды әрекеттерді уақытылы қабылдаңыз!
syrboyi.kz
05 желтоқсан 2020 ж. 529 0