Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрметті сайлаушылар!

Құрметті сайлаушылар!

Құрметті сайлаушылар!

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған.

Осы орайда, Сіздің сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асырудың кепілі - ол сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз болып табылады.

Аталған тізімді - сайлаушылардың дауыс беруге арналған нақты учаскесінің аумағында Өзіңіздің тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша тұрақты тіркеу негізінде Арал ауданының әкімдігі (бұдан әрі - Әкімдік) жасақтайды.

Сонымен бірге, Әкімдік – сайлаушылар тізіміне тұрақты тіркеуі жоқ азаматтарды, олардың берген өтініштері негізінде енгізеді.

Яғни, азаматтардан өтініш түскен кезден бастап, Әкімдік азаматтардың тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны дауыс беретін учаскенің тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

Егер де Сіз - дауыс беру күні тіркелген тұрғылықты жеріңіз бойынша сайлау учаскесіне келе алмайтын болсаңыз (мысалы, басқа қалаға жол жүру, колледж және университетте оқитын, жатақханалардан тыс тұратын студент немесе вахталық әдіспен жұмыс жасау т.с.с) онда, 2022 жылғы 20 қазаннан кешіктірмей Әкімдікке тиісті сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны дауыс беретін күні болатын жерді көрсетіп жазбаша өтініш беруіңіз қажет.

Сайлаушылар тізімінен Өзіңізді тексеруді Әкімдіктің сайтынан (saylau.orda.gov.kz) ЖСН нөміріңізді енгізу арқылы немесе Call-орталығына (байланыс телефоны: 8(72433) 7-91-00 /ішкі нөмір 3399/) хабарласып білуіңізге болады.

Өз учаскеңіздегі сайлаушылар тізіміндегі деректеріңізді тексеру қызметі 2022 жылдың 4 қарашасынан бастап іске қосылады.

Құрметті сайлаушылар!

Өздеріңіздің конституциялық құқықтарыңызды іске асыра отырып, сайлауға белсенді қатысуға шақырамыз!

Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қажетті заңдық маңызы бар әрекеттерді уақтылы қабылдаңыз!

ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!
13 қазан 2022 ж. 545 0