САЙЛАУШЫЛАР ТIЗIМIНДЕРІНЕ ЕНГIЗУ ТУРАЛЫ

- Әрбір азамат тұрғылықты жеріне қарамастан тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
- 2022 жылғы 20 қазанға дейін сайлаушы тұрғылықты жері бойынша учаске тізіміне енгізу үшін тиісті әкімдікке өтініш беруге құқылы.
- Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берілген жазбаша өтініш негізінде тізімдерге енгізіледі.
- Азамат сайлаушылардың бір ғана тізіміне ене алады.
- Сайлаушылар тізіміне енгізуді тексеру немесе тізімге енгізу үшін қайда жүгіну қажет екенін тиісті әкімдіктің сайты немесе Call-орталығы арқылы ақпарат ала алады.
- 2022 жылғы 4 қарашадан бастап азаматтарға белгілі бір учаскедегі сайлаушылар тізіміндегі өздері туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.