Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Алтын сапа» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Қызылордада «Алтын сапа» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы ұйымның өнім және/немесе қызметтер сапасы саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудағы тиімділігі жоғары әдістер (енгізілген менеджмент жүйесі болғаны міндетті) енгізгені үшін конкурстық негізде ұсынылады.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар қатыса алмайды.

Сыйлық үш санатта (шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі) және келесі номинациялар бойынша беріледі:

1) «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын»;

2) «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын»;

3) «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын»;

4) «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауылшаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».

Конкурста «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары тағайындалады.
Конкурсқа қатысушылар алдыңғы үш жыл ішінде шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын растауға тиіс.

Конкурс жыл бойына өткізіледі және келесі негізгі кезеңдерден тұрады.

1.Өтінімдерді 2023 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде электронды түрде www.altynsapa.kz сайтында тапсыру қажет.
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап өтінімдерді қабылдау тоқтатылады!

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне» (www.altynsapa.kz сайтының «Қатысу шарттары бөлімінде» орналастырылған) сәйкес өзі орналасқан жердегі өңірлік кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – ӨКП) материалдарды ресімдеп, 1 шілдеге дейінгі мерзімде тапсырады.

2. ҰКП сараптамалық тобының алдын ала бағалауы және 40 финалисті анықтауы (тамыз-қыркүйек).

3. Сараптамалық топ кәсіпорындарға барып, байқаудың финалистерін бағалайды.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссия отырысы (қараша).

Сыйлық лауреаттарына тиісті диплом, конкурс эмблемасы және 450 айлық есептік көрсеткіш ақшалай сыйақы беріледі. Лауреаттар төрт жыл бойы «Алтын сапа» конкурсының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.
«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздарын марапаттау жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен салтанатты рәсімде өткізіледі.

Байқауға әлеуетті қатысушыларды сайтта оқыту үшін: www.altynsapa.kz «Оқыту» бөлімінде байқауды өткізу тәртібі және конкурстардың материалдарын ресімдеу ережелері бойынша бейнесабақтар орналастырылған.

Байқауды ұйымдастырушы ӨКП базасында тегін оқыту семинарларын өткізеді. Семинарларды өткізу кестесі биыл наурыз айында конкурс сайтында орналастырылады.

Құрметті кәсіпкерлер, сапа саласындағы байқауға қатысуға шақырамыз.

Барлық сұрақ бойынша Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі 123 мекенжайындағы «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратының 3-қабат, №312 кабинетінде орналасқан Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Малика Тютебаеваға хабарласа аласыздар. Тел.: 8 /7242/ 40-09-81, +7 707 988 50 80, эл.адрес: project-support.kzo@atameken.kz.

kyzylorda-news.kz
09 наурыз 2023 ж. 238 0