Диетолог ораза кезінде дәрумен тапшылығын болдырмаудың жолын атады

Диетолог тұтас дәнді дақылдар, бұршақ дақылдары, жаңа піскен жемістер мен көкөністерде дәрумендер мен минералдардың толық көзі бар екенін айтты.
“Темір көптеген өсімдік тағамдарында кездеседі. Бидай, шпинат, асқабақ және күнбағыс тұқымдарында болады. Өсімдіктер құрамындағы темір жануарларға қарағанда организмге жай сіңеді. Бірақ адам ағзасы бұған бейімделе алды. Жаңа піскен жемістер мен көкөністе кездесетін С дәрумені өсімдік құрамындағы темірдің сіңуін арттырады”, – деді Павличенко.
Маман теміртапшылықты анемиямен ауырмайтын сау адамға ораза кезінде темір препараттарын қабылдаудың қажеті жоқ екенін айтты.
"Кальций сүйек пен тістердің мықтылығына жауап береді. Оған көк, бұршақ, жаңғақтар және кептірілген жемістер қосқан жөн. В12 витаминінің жетіспеушілігі анемияға және жүйке жасушаларының зақымдалуына әкелуі мүмкін. Бұл тек ет өнімдерінде кездесетін жалғыз витамин. Сондықтан көптеген вегетариандар өмір бойы В12 дәруменін қабылдайды", – деп қосты диетолог.