Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, аптаның басында антициклон әсерінен жауын-шашын күтіледі.

«14-15 наурызда солтүстік-батыста, 15-16 наурызда солтүстікте, шығыста, республиканың оңтүстік облыстарында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен қар аралас жауын-шашын болады, оңтүстікте жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.

Сонымен қатар Республикада тұман күтіледі, көктайғақ болып, кей жерлерде жел күшейеді.

Синоптиктердің мәліметінше, температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
13 наурыз 2023 ж. 345 0