ЭЦҚ-ны үйден шықпай қалай аламыз?
ЭЦҚ-ны онлайн режимде қайта шығару өте оңай. Қызметті рәсімдеу уақыты 5 минуттан аспайды.
ОЛ үшін:
ОЛ үшін:
- pki.gov.kz сайтына өтіп, « Жеке кабинетті» таңдаңыз;
- қолданыстағы ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіңіз:
- «ЭЦҚ алу» батырмасын басып, қол қою үшін өз кілтіңізді көрсетіп, «Сақтау» батырмасын басыңыз;
- пайдаланушы келісімімен танысып, электрондық поштаңыз бен елді мекенді көрсетіңіз. Осы бетте жаңа ЭЦҚ сақтауға арналған орынды көрсетіңіз;
- «Өтінім беру» батырмасын басып, қолданыстағы ЭЦҚ-мен қол қойыңыз;
- «Өтінім бойынша тіркеу куәліктері шығарылды» мәртебесі көрсетілетін бетті жаңартып, «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
Гүлназ Медеталиева,
Арал аудандық ХҚО бөлімі маман