Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы

Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 22-наурыз – Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында тағамнан уланудың алдын-алу мақсатында тамақ өнімінің қауіпсіздігін және сапасын растайтын құжаттардың болуына, сондай-ақ оларды сату және сақтау жағдайларына назар аударуды сұрайды. Осыған байланысты белгіленбеген сауда орындарынан, адамдардан тамақ өнімдерін сатып алмауға, сапалы өнім тұтынуға шақырады. Мекере қарсаңында көбісі бірнеше мерекелік күнге жететіндей көп тамақ әзірлеуге ұмтылады, алайда мұндай тәжірибе денсаулыққа зиянды әсер етуі мүмкін екенін ұмытады. Оған себеп тоңазытқышта екі тәуліктен астам тұрып қалған мерекеләік тағамдардың қалдықтары болып табылады. Тамақтан уланудың ең маңызды провакаторлары әдетте ет және балық тағамдары, сондай-ақ майонез қосылған салаттар болады, өйткені олар тез бұзылатын өнімдер тобына тобына жатады. Бұған десерттер, кілегей немесе қаймақ кремі бар торттар да кіреді. Мұндай орта ауру тудыратын бактериялардың тез көбеюі үшін мінсіз болып табылады. Мұндай өнімдерді тоңазытқышта сақтау әсіресе дайын майонез құйылған салатттарды сақтау 24 сағаттан аспауы тиіс. Егер салаттарға ештеңе құйылмай сақталса онда тоңазытқышта сақтау мерзімі екі тәуліккке дейін ұзартылуы мүмкін. Алайда, бұл ет, жұмыртқа және шұжық қосылған салаттарға жатпайды, өйткені оларды ештеңемен араластырмай-ақ тоңазытқышта бір тәуліктен артық сақтамау керек. Тамақтан улану-бұл ас қорытудың бұзылуымен бірге болатын жіті ауру, оның себебі ағзаға әр түрлі микроорганизмдердің азық-түлік өнімдерімен енуі көбінесе бактериялардың түсуі болып табылады. Тамақтан улануды тудыратын микроорганизмдер дұрыс сақталмаса өнімдерде көп мөлшерде көбейе бастайды, біраз уақыт микробтар мен олардың тіршілік ету өнімдері (уыттар) бар өнімдер мен дайын тағамдар қатерсіз және пайдалануға әбден жарамды әсер ете отырып, сыртқы түрі мен дәм сапасын өзгертпеуі де мүмкін. Егер тамақ дайындау кезінде фраш немесе ет жартылай фабрикаттары пайдаланылса, онда мұндай тағамдар жеткілікті термиялық өңдеуден өтуі тиіс. Котлеттер және ет рулеттері жақсы қуырылған болуы керек, себебі олар ауру тудыратын бактериялар немесе вирустарды жұқтырудың көзі болуы мүмкін. Егер тез бұзылатын өнімдер орнатылған термометрлері бар салқындатылған термометрлері бар салқындатылған ветриналарда дүкендерде сақталса, онда сақтау температурасы нормаға сәйкес келетініне көз жеткізу керек. Сонымен қатар, сатып алынған жемістер мен жидектеді, көкөністерді ағынды сумен мұқият жуғаннан кейін ғана пайдалану керек. Сонымен бірге үйде консервіленген көкөністерге (саңырауқұлақтар, қияр, қызанақ, баклажандар және басқалар) ерекше назар аудару қажет. Сапасыз консервіленген көкөністер, жабық банкаларда аса қауіпті болады. Ол ағзаға түскен кезде ауыр ботулизм ауруы пайда болады, одан тіпті ең сау ағзаға зардап шегіп қана қоймай, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Егер консервіленген өнімі бар банкідегі қақпақ көтерілсе (бомбаж) немесе қандай да бір басқа себептермен сіз оның сапасына күмандансаңыз, онда ол өнімді пайдаланбағаныңыз жөн. Үй консервілерін, сондай-ақ қолдан жасалған ет және балық өнімдерін, қолдан көшелерде және базарларда өнімдерді сатып алудан сақ болыңыз. Дүкеннен қақпағы бар консервіленген өнімдерді және басқа да күмәнді өнімдерді сатып алмаңыз.
Тағамнан уланудың алдын-алу үшін мынадай кеңестерді ұсынамыз: тағамды дайындау және сақтау жағдайлары бұзылған кезде, тағам өнімдерінің микробтармен ластану қаупі ұлғаяды. Сондықтан, өткір ішек жұқпасы және тамақтан уланудың алдын-алу үшін оның негізгі шараларын білу және сақтау қажет:
- қауіпсіз тағам таңдаңыздар!
Қандай да бір өнімді сатып алар кезде жарамдылық мерзімін, қорабының бұзылмағандығын тексеріңіз. Рұқсат етілмеген сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмағаныңыз жөн.
-Тамақ өнімдерін таза пісіріңіз!
Көп шикі өнімдер оның ішінде құс еті, ет және шикі сүт өнімдері ауру қоздырғыштарымен ластанған болуы мүмкін. Таза пісіру кезінде қоздырғыштар жойылады.
-Ас бөлмесін таза ұстаңыз!  Тазалық-денсаулық кепілі!

Сактаганова Гульжанат Жангабыловна
20 наурыз 2023 ж. 590 0