Тамақтан уланудың алдын алу

- тағамдарды мерекелік үстелге дайындаған кезде оларды сақтау және тұтыну мерзімдерін сақтаңыз. Мерзімі өтіп кеткен жарамсыз өнімдерді еш өкінбестен қоқысқа тастаңыз.
- шикі және дайын тағамдарды бірге сақтауға жол бермеңіз;
- әзірленген тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық уақытқа қалдырмаңыз, тез бұзылатын тамақтарды уақытынан бұрын әзірлемеңіз.
- ветеринариялық-санитариялық анықтамасы жоқ барлық ауыл шаруашылық жануарларының еті мен өнімдерін, ақауы бар консервілерді, қабығының бүтіндігі бұзылған көкөністер мен жемістерді, қаптамасында мемлекеттік немесе орыс тілінде қажетті ақпараты жоқ өнімдерді пайдаланбаңыз
Мереке күндері көбінесе қоғамдық тамақтану объектілері мен сауда орындары көп мөлшерде кулинарлық, сондай-ақ, кремді кондитерлік өнімдер дайындап, пісіреді. Осыған байланысты тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттардың болуына, оларды сақтау және іске асыру шарттарына назар аудару қажет.
Сонымен қатар мейрамханалар, кафе және азық-түлік дүкендері басшыларының Наурыз мейрамы күндерінде уланудың алдын алу мәселелеріне көңіл бөлулерін сұраймыз.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті