Қышқыл бірдеңе жегіңіз келе береді ме?

Қышқыл нәрсені жегіңіз келуі жиі С дәруменінің және магнийдің жетіспеушілігін білдіреді. Сондай-ақ адам әлсіздік сезуі, терісі бозарып кетуі және ұйқысы бұзылуы мүмкін. Ал қышқыл тағамды көп жеу асқазан-ішек жолы проблемаларына әкелуі мүмкін.
С дәрумені мен магний денедегі тіндер қалыпқа келу үшін, бұлшықет және жүйке жүйесі қалыпты жұмыс істеу үшін керек болғандықтан, олардың орнын толтыру маңызды. Бұл кезде осы дәрумендерге толы және ағзаға пайдалы өнімдер қажет.
Олардың орнын толтыру үшін және асқорыту жүйесіне зиян келтірмес үшін рационға магнийге және аскорбин қышқылына бай өнімдерді қосу керек. Мысалы: болгар бұрышы, қызанақ, брюссель қырыққабаты, асқабақ дәндері және авокадо.
massaget.kz
Фото: facebook.com