Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тест: суреттен не байқадыңыз?

Тест: суреттен не байқадыңыз?

Қандай да бір затқа қалай қарауыңыз, сіздің тұлғаңызды көрсетуі мүмкін. Кей психологиялық тесттерден өту арқылы сізге өмірге деген қандай көзқарас жақын екенін түсінуге болады. Бірақ мұндай тесттерді кәсіби диагностика ретінде қабылдаудың қажеті жоқ. Оларға өзіңізді түсінуге арналған бір құрал ретінде ғана қараңыз.

Суретке 20 секундтан көп қарамаңыз, енді мына сұраққа жауап беріңіз: мысық жоғарыға немесе төменге кетіп бара жатыр ма?

Мысық жоғары кетіп бара жатыр

Сіз – оптимистсіз!

Егер мысық жоғары кетіп бара жатыр десеңіз, сіздің болмысыңыз - оптимист. Сіз қайда қарасаңыз да, үнемі өсімді көресіз. Сізге жаңа нәрсе білу, даму, қиындықтарды жеңу және алға жылжу ұнайды.

Мысық төмен кетіп бара жатыр

Сіз - пессимистсіз!

Егер сіз мысықтың баспалдақтан төмен түсіп бара жатқанын көрсеңіз, сіздің жаныңызға пессимистік көзқарас жақын. Бұған басыңыздан өткен қиын жағдайлар немесе сізге қастық ойлаушылар себепші болуы мүмкін. Сіз айналадағыларға сенімсіздікпен қарауыңыз мүмкін. Сіз осылайша, өзіңізді қоршаған әлемнен қорғайсыз.

massaget.kz
23 наурыз 2023 ж. 348 0